Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарына 2025 жылғы көлік салығын төлеу үшін 31-ші наурызға дейін уақыт берген еді.
Фото: freepik
ERNUR.KZ. Салық мөлшері заңда белгіленген есеп бойынша есептеледі. Былтырғы есептік көрсеткіш — 3 мың 932 теңге, деп жазады zakon.kz.
Салықты төлеуге асығыңыз, өйткені кешіккен әр күнге өсімпұл қосылатынын ескертеді.
Ал 10 мамырдан кейін де берешек өтелмесе, мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады – тіпті банктік шоттар мен мүлікке тыйым салынуы мүмкін.
Көлік салығы туралы ақпарат eGov және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді.


