Белгілі болғандай, ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысындағы «Самара — Шымкент» автожолының 270-ші шақырымында екі автокөлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп жазады baq.kz.
Белгілі болғандай, ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Содан кейін Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан ВАЗ-2112 жүргізушісі мен Volkswagen Passat көлігінің бір жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Volkswagen Passat жүргізушісі мен екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады БҚО Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Болат Жаңабаев.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


