Жеңіл көліктерге салынатын салық 1 айлық есептік көрсеткіштен басталады.
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Дәлірек айтсақ, жеңіл көліктерге салынатын салық 1 айлық есептік көрсеткіштен басталады. Мәселен қозғалтқышы 1500 текше сантиметрден асса, әр қосымша текше сантиметр үшін 7 теңгеден үстеме қосылады.
Яғни, қозлғалтқыш көлемі төрт мың текше сантиметрден жоғары көлік иелері мемлекетке 117 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салық төлейді.
Биылдан бастап 10, 20 жылдық көліктерге салық 30%-ға азаяды, ал 20 жылдан асқан көліктер үшін екі есе төмендетіледі.
Егер транспортты жыл ішінде сатып алсаңыз немесе сатсаңыз, салық тек өзіңіз иелік еткен айлар үшін ғана есептеледі.
Соғыс ардагерлері, мүгедектігі бар адамдар, мемлекеттік награда иегерлері және кейбір көпбалалы аналар салықтан босатылады. Ал зейнеткерлерге арнайы жеңілдік қарастырылмаған.


