Биыл «Даму» қоры 9 мыңнан астам жобаны қаржыландырды

0
64

Жыл басынан бері «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлерге 1 трлн 739 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді. 9 мыңнан астам жоба қаржыландырылды.


Биыл «Даму» қоры 9 мыңнан астам жобаны қаржыландырды

ERNUR.KZ. Қор мемлекеттен ірі субсидиялауды қажет ететін модельден бас тартып, оның орнына орнықты және болжамды тетіктерді енгізу көздеді. Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Оның айтуынша, бұл – кепілдендіру және ұзақ мерзімді жеңілдікті қаржыландыру құралдары.

«Осы жылы біз екі кепілдік қорын «Даму» базасында құрдық. Кәсіпкерлер үшін ең маңызды міндет – жеткіліксіз кепілзат проблемасын шешу. Егер кәсіпкерлерге толық кепіл болмаса, банк тәуекелдің бір бөлігін «Дамудың» кепілдігі арқылы шешіп, кәсіпкерге несие беру мүмкіндігі туады. Нәтижесінде 700 млрд теңгеден астам несие берілді. Оның ішінде Қор берген кепілдіктің мөлшері 447 млрд теңгеге жетті. Бұл нәтиже өткен жылмен салыстырғанда 158%-ға артты», – деді спикер.

Бірінші кепілдік қорында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Қазір 383 млрд теңгеге несие берілді. Оның ішінде 212 млрд теңге «Даму» қоры арқылы берілді.

Кепілдік қорының резерві бұрын тек қана мемлекеттік бюджеттен ғана қаржыландырылатын. Қазір жарна көлемі де ұлғайды. Екінші деңгейлі банктер міндетті жарналар құяды. Қаржы институттары ерікті жарналар төлейді, сондай-ақ кәсіпкерлер комиссиясы және қордың меншікті қаражаты бар.

Кепілдіктер портфельдік тәсілмен беріледі. Банк оң шешім қабылдағаннан кейін «Даму» қоры екі жұмыс күні ішінде шешімін береді.