"Бес баласы қалды": Ақтауда адамдарды құтқармақ болған тұрғын суға батып кетті

0
149

Ең кішкентайы – 3 айлық.


Фото: марқұмның туыстарынан

ERNUR.KZ. Ақтауда 39 жастағы Ерлан Шонтабаев демалыс базаларының бірінде батып бара жатқан адамдарды құтқарамын деп қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Қайғылы оқиға өткен демалыс күндері Каспий жағалауында болды.

Марқұмның туыстарының сөзінше, Ерлан Шонтабаев достарымен бірге теңіз жағасында демалып жатқан. Олар ішімдік ішпеген. Қасында демалушылардың басқа бір тобы болған. Олардың арасында екі қыз бен екі жігіт болды. Қыздар суға батып бара жатқанда жігіттердің бірі оларды құтқару үшін суға секірген, ал екіншісі көмек шақыра бастаған.

Ерлан Шонтабаев ойланбастан суға секірген. Ол қыздарды аман алып шыққан. Жақындарының айтуынша, жігітті құтқаруға барған кезде, ол қорқыныштан Ерланның аяғынан ұстап қалған болуы керек, екеуі де суға кеткен.

Марқұмның артында жұбайы мен бес баласы қалды. Ең кішкентайы – 3 айлық.

Облыстық ТЖД хабарлауынша, оқиға орнына жеткенде, суға батып кеткен екі ер адамның денесі табылды.

"1986 жылы туған ер адамның денесі жағадан 10 метр қашықтықта табылып, жағалауға шығарылған. 2001 жылы туған ер адамның денесі сағат 00:05-те су астынан табылып, 10-15 метр қашықтықта жағадан шығарылды, - деп хабарлады.