Батыс Қазақстан облысында кітапханашылар 46 млн теңгені жымқырған

0
92

Кітапхана есепшілеріне қатысты іс сотқа жолданды.


Батыс Қазақстан облысында кітапханашылар 46 млн теңгені жымқырған

Фото: gorod.lv

ERNUR.KZ. Есепшілерге 46 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

БҚО Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, 2023 жылдан 2025 жылға дейін кітапхананың бас бухгалтері мен бухгалтері қылмыстық келісімге келіп, ай сайын жоқ қызметкерлерге жалақы есептеп отырған. Қаражатты олар өздерінің банк шоттарына аударған. Мемлекетке келтірілген жалпы залал 45,9 миллион теңгені құрады.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде кінәлі адамдар анықталды, мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді", – деді ведомство.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.