Бас прокуратура: Қазақстан жол апатынан қаза табатындардың саны бойынша әлемде 3-орында тұр

0
141

​Бұл - миллион адамға шаққандағы көрсеткіштің рейтингісі.


Бас прокуратура: Қазақстан жол апатынан қаза табатындардың саны бойынша әлемде 3-орында тұр

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның мәліметтері бойынша, Қазақстан миллион адамға шаққанда жол апатынан қаза табатындардың саны бойынша Ресей мен Америкадан кейінгі 3-ші орында тұрған ел. Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері, осы 9 айда Қазақстандағы жол апаттарынан 1600-ден астам қаза тауып, 35 000-нан астамы жарақат алған.

«Статистика көрсеткендей, жол қозғалысы қауіпсіздігі жағдайы әлі де өте ауыр болып отыр. Жол апаттарының негізгі себептері – 86% жағдайда жүргізушілердің кінәсі, 14%-да жаяу жүргіншілер мен өзге де себептер», - деп хабарлады Бас прокуратура.