1994 жылғы ер адам медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Сурет: pixabay
ERNUR.KZ. Балқаш көлінде моторлы қайықтағы ер адам суға құлап кетті. Құтқарушылар оны дер кезінде байқап, көмекке асықты, деп жазады zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Балқаш қаласында Балқаш көлінің Шұбар-Төбек елдімекені маңында ТЖМ қызметкерлері патрульдеу кезінде моторлы қайықтан құлап кеткен 1994 жылғы ер адамды байқайды.
"Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында зардап шегушіні судан шығарып, жағаға жеткізді. Ер адам қажетті көмек көрсету үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды", делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтарға су көлігін пайдаланған кезде қауіпсіздік шараларын міндетті түрде сақтауды ескертеді. Мәселен, құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз, қайыққа көп жүк тиемеңіз, мас күйінде қайыққа отырмаңыз.