Ал осы оқиғаға қатысты пікір білдірген "Қазахмыс" компаниясы тергеуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
Фото: Мадина Маратовнаның жеке парақшасы
ERNUR.KZ. Қарағанды облыстық полиция департаменті Балқашта 8 жасар баланы ұрды деп күдікке ілінген ер адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
"Тергеу полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Қылмыстық іс аясында болған жағдайдың толық әрі объективті бейнесін анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде. Барлық мүмкін нұсқалар мен тараптардың уәждері тексерілуде. Кінәлілер заң аясында толық көлемде жауапқа тартылады. Қалған мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", – делінген хабарламада.
Ал осы оқиғаға қатысты пікір білдірген "Қазахмыс" компаниясы тергеуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
"Компания кез келген зорлық-зомбылық түріне қарсы. Мұндай әрекеттерге мүлде жол беруге болмайды деп санайды. Егер қызметкердің кінәсі дәлелденсе, ол заң аясында жауапқа тартылады", – деді "Қазахмыс" компаниясының баспасөз қызметі.