Балқаш жағалауындағы пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

0
88

Кәсіпкерге учаскені игеру туралы нұсқама берілгенмен, ол орындалмаған.


Балқаш жағалауындағы пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

фото: Акимат Карагандинской области

ERNUR.KZ. Балқаш жағалауындағы пайдаланылмаған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады sputnik.kz.
Қарағанды облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті бұрын берілген, бірақ игерілмеген жер учаскелерін Балқаш көлі жағалауынан туристік нысандар салу үшін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
"Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде Торанғалық ауылында орналасқан, аумағы 0,5 гектарды құрайтын, демалыс аймағын абаттандыру және туристік қызметтер көрсету үшін берілген, бірақ көптеген жыл бойы пайдаланылмаған жер телімі анықталды. Кәсіпкерге учаскені игеру туралы нұсқама берілді", - деп жазылған хабарламада.
Нұсқаманың орындалмауына байланысты департамент кәсіпкерге айыппұл салып, жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы талаппен сотқа жүгінді.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департамент талаптарын толық қанағаттандырып, жер телімін мәжбүрлеп алып қою және оны кейіннен сауда-саттыққа, яғни аукционға шығару туралы шешім қабылдады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.