​Балаларды ұрған павлодарлық тәрбиеші жұмыстан босатылды

0
162


​Балаларды ұрған павлодарлық тәрбиеші жұмыстан босатылды

Фото: видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Сәбилер бақшасындағы балаларға асқан қатыгездік көрсеткен тәрбиешінің үстінен полицияға 10 ата-ана шағым түсірген, деп жазады inform.kz.

Өңірлік балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова тәрбиешіден жапа шеккен балалардың барлығы сот-сараптамалық сараптамадан өткенін мәлімдеді. Қылмыстық істің материалдары Полиция департаментінің анықтау басқармасына түскен.

- Мекемеден алынған барлық видеоматериалдарды зерттеу жалғасып жатыр. Тәрбиешіден жапа шеккен балалардың саны көбейе түсуі мүмкіндігін жоққа шығармаймын. Күдікті ешқайда шықпау туралы қолхат жазып берді әрі ол жұмыс орнынан шығарылды, - деп хабарлады бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова.
Бұған қоса балабақша меңгерушісі қатаң сөгіс алғаны айтылып отыр.
Ал жапа шеккендер арасында екі баланың ата-анасы өңірлік қолдау орталығына психологиялық көмек алу үшін жүгінген.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде Павлодардағы балабақшаның бірінде балаларды шашынан жұлқып, шапалақпен ұрып жатқан әйел адамның бейнежазбасы тарап кетті. Полиция аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.