Саланы басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында министрлік жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне ауысады
фото: Пресс-служба президента Казахстана
ERNUR.KZ. Туризм және спорт министрлігі балалар спортын қаржыландыру екі есеге жуық артатынын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Министрлік балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесін енгізуді және оларды аккредиттеуге қойылатын талаптарды белгілеуді көздейтін заң жобасын әзірледі.
"Жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу балалар мен жасөспірімдер спортының материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттырады. Мәселен, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде бір спортшыға жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Қазіргі сметалық қаржыландыру кезінде бұл көрсеткіш орта есеппен 233 мың теңгені құрайды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, қазіргі уақытта туризм және спорт министрлігі сметалық қаржыландыру жүйесін қолданып отырған жалғыз мемлекеттік орган. Осыған байланысты саланы басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне ауысады.
Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Аталған шығындар республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен қолдау тапты, ал қажетті қаражат жергілікті бюджеттер есебінен бөлінеді.
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды еліміздегі барлық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап енгізілді.


