Байқоңырдан "Союз-2.1б" зымыраны ұшырылды

0
143

Халықаралық ғарыш станциясымен түйісу 19 қыркүйекке жоспарланған.


Байқоңырдан

фото: Скриншот видео "Роскосмос"

ERNUR.KZ. Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-2.1б" зымыраны ұшырылды, деп жазады sputnik.kz.
Ол "Прогресс МС-35" жүк кемесін орбитаға шығарды. Кеме 2,4 тоннадан астам жүк, соның ішінде Халықаралық ғарыш станциясынын жанармаймен толтыруға арналған отын, атмосфераны толықтыруға қажетті оттегі, су, азық-түлік, санитарлық-гигиеналық құралдар, дәрі-дәрмектер және салмақсыздықтың әсеріне қарсы қолданылатын құралдарды жеткізеді.

"Прогресс МС-35" сонымен қатар станцияға қызмет көрсетуге және экипаждың ғылыми жұмыстарына қажетті жарты тоннадан астам жабдық пен материалдарды жеткізіп келеді.

Атап айтқанда, олардың қатарында ХҒС сыртындағы "Теледроид" роботын басқару тәжірибесіне арналған жұмыс орны, сондай-ақ түрлі зерттеу жұмыстарына қажетті жабдықтар бар.
Қазіргі уақытта станцияда ресейлік ғарышкерлер Петр Дубров, Анна Кикина және Андрей Федяев, NASA ғарышкерлері Джессика Меир, Джек Хэтэуэй және Анил Менон, сондай-ақ Еуропалық ғарыш агенттігінің ғарышкері Софи Аденот жұмыс істеп жатыр.

Халықаралық ғарыш станциясымен түйісу 19 қыркүйекке жоспарланған.