«Ажырасу өте оңай»: Қазақстанда неке бұзу тәртібі қиындатылмақ

0
145

​Қазақстанда ажырасу тәртібін қайта қарау мәселесі талқылануда.


«Ажырасу өте оңай»: Қазақстанда неке бұзу тәртібі қиындатылмақ

ERNUR.KZ. Қазақстанда ажырасу процедурасын қайта қарау мүмкіндігі, оның ішінде міндетті медиацияны енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда неке бұзу рәсімі тым жеңілдетілген.

Бізде ажырасу өте оңай - шағын мемлекеттік баж салығын төлеп, қарапайым процедуралардан өту жеткілікті. Мүмкін, бұл тәсілді қайта қарау керек шығар, - деп атап өтті ол.

Ұсыныстардың бірі - ажырасуға дейін міндетті медиация (татуластыру процесін) енгізу.

Бұл жұптарға сотқа дейін жанжалды реттеп көруге мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Имашева.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ажырасудың ең қауіпті кезеңі анықталған болатын.