«Ауылдан келген»: қазаққа тіл тигізген алматылық әйел жұмыстан қуылды

0
181

Виолетта Паршина есімді желі қолданушысы Threads желісіндегі пікірлерде Желтоқсан оқиғасына қатысқандар туралы жазбаның астына «ақымақ», «ауылдан келгендер» деп жазып, тағы бір жазбаға «жексұрын мемлекеттегі жексұрын» деп жазып кеткен.


«Ауылдан келген»: қазаққа тіл тигізген алматылық әйел жұмыстан қуылды

фото: pinterest.com

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Қазақстанды «жексұрын мемлекет», Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды «ақымақ», «ауылдан келген» деп тіл тигізген. Осы сөздерден кейін оның жұмыстан қуылғаны белгілі болды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Виолетта Паршина есімді желі қолданушысы Threads желісіндегі пікірлерде Желтоқсан оқиғасына қатысқандар туралы жазбаның астына «ақымақ», «ауылдан келгендер» деп жазып, тағы бір жазбаға «жексұрын мемлекеттегі жексұрын» деп жазып кеткен.

Желідегі жазбадан кейін қазақстандықтар жаппай мемлекеттік органдарға жүгініп, әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша жауапкершілікке тартуды талап ете бастаған. Бұл бап әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздыру үшін жаза қарастырады.