Ауруханаларға полицейлер жіберіледі - министрлік өз жоспарын жариялады

0
116

Сонымен қатар ауруханаларда шұғыл шақыру батырмаларын орнату жоспарланып отыр.


Ауруханаларға полицейлер жіберіледі - министрлік өз жоспарын жариялады

фото: Пресс-служба правительства Казахстана

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қосымша шараларды жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Вице-министр Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, қазіргі кезде жедел жәрдем қызметкерлері видеожетон таға бастады. Пилоттық жоба Астана мен Алматыда қолға алынды.
"Олар бәрін видеоға түсіріп, жазбаларды сақтап отырады. Бұдан бөлек, ішкі істер министрлігімен облыстық немесе қалалық балалар ауруханаларында қабылдау бөлімшелерінде полицейлердің кезекшілігін ұйымдастыру мәселесін пысықтап жатырмыз", – деді Сұлтанғазиев сенатта өткен брифингте.
Сондай-ақ, ауруханаларда шұғыл шақыру батырмаларын орнату жоспарланып отыр. Оны қауіпті жағдайда басып, тәртіп сақшыларды шақыруға болады.
"Бұдан бөлек, депутаттардың бастамасымен медицина қызметкерлеріне шабуыл жасаған адамдарға қатысты бөлек қылмыстық бапты енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Қазір бұл мәселе үкіметтің қарауында, жақын арада парламентке жіберіледі", – деді вице-министр.