Атыраулық құтқарушылар қызыл жалын арасынан 11 адамды алып шықты

0
109

Атырау қаласының бір ауданында бес қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабар түскен.


Атыраулық құтқарушылар қызыл жалын арасынан 11 адамды алып шықты

фото: zakon.kz.

ERNUR.KZ. ҚР ТЖМ құтқарушылары 2025 жылғы 9 желтоқсанда көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен 11 адамды құтқарды, деп жазады zakon.kz.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, түнде 112 пультіне Атырау қаласының бір ауданында бес қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабар түскен.

"Өрт сөндірушілер саты арқылы құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, оның ішінде екі бала бар 7 адамды құтқарып, оларды одан әрі тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Сонымен қатар автосатының көмегімен тағы төрт адам құтқарылды, олардың ішінде бір бала бар",- делінген ақпаратта.


Өрт сөндіру бөлімшелерінің шұғыл және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Қызыл жалынның шығу себебі анықталуда.