Ол денсаулығы мен қаржылық жағдайының нашарлағанын айтып, сотқа жүгінген.
Фото:Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
ERNUR.KZ. Атырауда 80 жастағы қария өзіне қарау көрсетпеген 8 баласы мен бір немересінен алимент өндіріп алды, - деп жазады tengrinews.kz.
Ол денсаулығы мен қаржылық жағдайының нашарлағанын айтып, сотқа жүгінген. Зейнеткердің айтуынша, ол он жылдан астам уақыттан бері жалғыз тұрып келеді және туыстарының көмегіне мұқтаж. Қартты тек бір ұлы ғана қарайды екен.
"Атырау қалалық соты тараптардың материалдық және отбасылық жағдайын зерттей келе, талапкердің арызын ішінара қанағаттандырды. Сот шешімімен зейнеткердің тамағы мен дәрі-дәрмегі үшін оның 8 баласы мен бір немересінің әрқайсысынан 3 АЕК мөлшерінде алимент өндірілді", – делінген хабарламада.
Анықтама: 2025 жылы 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) – 3 932 теңге. Демек, әр айыпталушыдан 11 796 теңгеден өндірілмек.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ
Еске сала кетейік, биыл наурызда Әділет министрлігі алимент қарызына байланысты өндірісте 283 мың іс бар екенін мәлімдеген. Оның ішінде 272 мыңы – ер адамдар, 11 мыңнан астамы – әйелдер.