Оқиға орнына жедел жеткен өртсөндірушілер тез арада жалынды оқшаулады.
фото: tengrinews.kz.
ERNUR.KZ. Жексенбі, 13 шілдеде Атырауда жеке екі қабатты үйдің шатырына найзағай түсті, деп жазады tengrinews.kz.
Салдарынан өрт шыққан. Оқиға орнына жедел жеткен өртсөндірушілер тез арада жалынды оқшаулады. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына найзағайдың түсуі себеп болған.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.