Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД қызметкерлері мен арнайы техникасы жұмылдырылған.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Атырау қаласында темір қабылдау пунктінің аумағында пайдаланылмай тұрған екі теміржол вагоны өртенді. Зардап шеккендер жоқ, деп жазады inform.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қызыл жалын 17:48–де оқшауланды. Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД қызметкерлері мен арнайы техникасы жұмылдырылған.
— Зардап шеккендер жоқ. Вагондардың ішінде ешқандай зат болмаған. Қызыл жалын жақын маңдағы ғимараттарға таралмаған, — деді ТЖД баспасөз қызметі.


