Бүгінгі таңда Атырау қаласы бойынша апатты деп танылған 93 көппәтерлі тұрғын үй бар.
фото: Пресс-служба акима Карагандинской области
ERNUR.KZ. Атырауда көпқабатты үйдің төбесі опырылып түсті, деп жазады sputnik.kz.
Құлаған төбенің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйді 20 жыл бұрын бұзамыз деп жергілікті билік уәде беріпті. Тұрғын үйдің апатты екенін қалалық әкімдік те айтып отыр. Төбесі опырылған үй ғана емес, Атырауда апатты деп танылған үйлер көп.
"Бүгінгі таңда Атырау қаласы бойынша апатты деп танылған 93 көппәтерлі тұрғын үй бар. Олардың ішінде Алатау көшесінде екі қабатты үйлер бар №1, 3, 5, 7, 9 бұзуға жататын апатты тұрғын үйлердің тізіміне енгізілген. Бұл үйлердегі пәтерлердің жалпы саны-40", - деп түсіндірді Атырау қалалық әкімдігі.
Бұл тұрғын үйлер 1950 жылы салынып, 2003 жылы апатты деп танылған.
"Алатау көшесіндегі №1 үйге қатысты уәкілетті органдар қайта тексеру жүргізеді. Бұрын тексеру екі рет жүргізілді, бірақ пәтер иелерінің болмауына байланысты рәсімдерді аяқтау мүмкін болмады", - дейді ведомстводағылар.
Әкімдіктің айтуынша, Алатау көшесіндегі №1 апатты үйдің тұрғындарын көшіру заң шеңберінде кезек тәртібімен жүргізіледі.