Атырауда қонақүй кешеніндегі өрттен бірнеше адам зардап шекті

0
96

Төрт қабатты қонақүйдің саунасының бірінші қабатындағы бу бөлмесі өртенген.


Атырауда қонақүй кешеніндегі өрттен бірнеше адам зардап шекті

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Атырау қаласында құтқарушыларға Алтай көшесіндегі қонақүй кешендерінің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама түсті, деп жазады zakon.kz.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер төрт қабатты қонақүйдің саунасының бірінші қабатындағы бу бөлмесінің өртенгенін анықтады.

"Өрт кезінде құтқарушылар 13 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ 2 адам құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды",- делінген ақпаратта.

ТЖМ күшімен өрт толықтай сөндірілді.

Өрттің себебі анықталуда.