​Атырауда FlyArystan ұшағы арнайы жолақтан шығып кеткен

0
87

Әуе кемесінің бортындағы 166 жолаушы мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.


​Атырауда FlyArystan ұшағы арнайы жолақтан шығып кеткен

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

ERNUR.KZ. 14 қаңтарда Атырау әуежайында FlyArystan әуекомпаниясына тиесілі әуе кемесі Алматы — Атырау бағыты бойынша орындалған FS7202 рейсі қонғаннан кейін тұраққа қарай қозғалу барысында төмен жылдамдықпен әуе кемелерінің жолағы шегінен шығып кеткен, деп жазады inform.kz.

— Әуе кемесінің бортындағы 166 жолаушы мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.Әуе компаниясы әуежай қызметтерімен және авиациялық уәкілетті мекемелермен белгіленген тәртіпке сәйкес тергеу жүргізу үшін оқиғаны зертеуде — деп мәлімдеді Fly Arystan.