2024 жылы осы әдіспен 4 шағын ауданға 66 шақырым желі тартылды.
Фото: electric.kz
ERNUR.KZ. 2024 жылы осы әдіспен 4 шағын ауданға 66 шақырым желі тартылды. Атырауда жоғарғы кернеулі электр желілері жер астымен жүргізіле бастады, деп жазады inbusiness.kz.
Жайық өзенінің сол жағалауындағы 7 ауылға биыл 162 шақырым жоғары кернеулі желі жүргізу жобасы жасалды. Сараптама қорытындысы шыққанан кейін жұмыс басталады.
Жалпы облыс бойынша 16 мың 700 шақырымға жуық электр желісі бар. Оның 67 пайызы ескірген. Келешекте бұл жоба аудандарда да жүзеге асады.
"Бұл кабель төрт жабындыдан құралған, қорғанышы су өткізбейді. Бізде жерасты суы өте жоғары ғой, асфальтқа жақын. 0,5 метрден су шығып жатады. Кабельді жүргізетін болсақ, 30-40 жылға дейін жұмыс атқарады", – дейді қалалық ТҮКШ энергетика секторының меңгерушісі Жасұлан Хамзаев.


