Атырауда бір ай бұрын суға батып кеткен жасөспірімнің денесі әлі іздестіріліп жатыр

0
621

​13 маусымда ағайынды екі жасөспірім Жайық өзеніне батып кеткен болатын.


Атырауда бір ай бұрын суға батып кеткен жасөспірімнің денесі әлі іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Атырау облысында бір ай бұрын суға батып кеткен жасөспірімнің денесі әлі іздестіріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Портал мәліметінше, 16 және 15 жастағы ұл балалар жабдықталмаған жерде суға түсу кезінде батып кеткен. Олар немере ағайындылар болған.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 13 маусымда кешке Геолог ауылында Жайық өзеніне екі жасөспірімнің батып кеткенін хабарлаған болатын. Сол кезде құтқарушылар балалардың денесін дереу іздеуге кіріскен.

"Кейінірек суға батып кеткен бір баланың денесі табылғаны белгілі болды. Екінші жасөспірімнің денесін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ведомствода іздеу жұмыстары күн сайын жүргізілетінін атап өтті", - делінген хабарламада.