Атырау облысында ұшқышсыз ұшатын аппарат сынықтары табылды

0
194


Атырау облысында ұшқышсыз ұшатын аппарат сынықтары табылды

elements.envato.com

ERNUR.KZ. Атырау облысында далада ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін бөлшектер табылды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, нысан құлап, өртенген. Ол ауыл-қала аумағынан алыс жерде табылған. Полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

“Атырау облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нысан тұрғындар мекендейтін аумақтан тыс аймақта анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – деп хабарлады ведомство.

Оқиғаға қатысты қосымша мәліметтер нақтыланып жатыр.