Жас дзюдошы Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінде Елдос Сметовті жеңіп, қола жүлдеге ие болды

0
225

Елдос Сметов жарысты бесінші орынмен аяқтады.


Жас дзюдошы Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінде Елдос Сметовті жеңіп, қола жүлдеге ие болды

Фото: Olympic.kz

ERNUR.KZ. Қазақстандық жас дзюдошы Талғат Орынбасар Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола медалі үшін сында отандасымыз Елдос Сметовпен күш сынасты, деп жазады Azattyq Rýhy.

60 келі салмақта өткен белдесуде 21 жастағы дзюдошы Талғат Орынбасар тәжірибелі Елдос Сметовтен айласын асырып, қола медальға ие болды.

Ал Елдос Сметов жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Талғат Орынбасар жартылай финалда тәжікстандық Лоик Кудбудиновке есе жіберген. Ал Елдос Сметов ширек финалда әзербайжандық Балабей Агаевтан ұтылып қалды. Алайда жұбаныш белдесуінде украиналық Артем Лесюкті жеңді.