Атырау облысында қатты дауыл ғимарат шатырын ұшырып әкетті

0
143

​Атырау облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қатты дауыл мен екпінді желдің салдарынан бірнеше нысанның шатырлары ұшқан.


Атырау облысында қатты дауыл ғимарат шатырын ұшырып әкетті

ERNUR.KZ. Атырауда қатты соққан боран біраз мүлікті қиратып кетті, деп жазады Sputnik Қазақстан..

Атырау облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қатты дауыл мен екпінді желдің салдарынан бірнеше нысанның шатырлары ұшқан, дейді төтенше жағдайлар департаменті.
Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында ауылдық клуб ғимараты шатырының бір бөлігі ұшып кетті.


"Сондай-ақ Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылындағы жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратының да шатыры ұшты. Осы аудандағы Ақкөл ауылында "ҚТЖ" АҚ филиалына тиесілі ғимараттың шатыры зақымданады", - дейді ведомстводағылар.

Атырау қаласы Алмагүл ықшам ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің шатыр бөлігі қирады.

"Атырау қаласы Студенческая көшесінде орналасқан емхана ғимаратының шатыры, Владимирская көшесінде орналасқан облыстық перинаталдық орталықтың да шатыр бөлігі ұшып кетті", - дейді ТЖД.
Махамбет ауданы Махамбет ауылында орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің шатыр, емхана, осы аудандағы Алға селосындағы тұрғын үй зардап шекті. Мақат ауданы Байгетөбе ауылындағы ғимаратқа зақым келді.
Зардап шеккендер тіркелген жоқ.