Атырау облысында ірі қарадан індет анықталды

0
105

Қазіргі таңда өңірден ірі қараны шығаруға уақытша тыйым салынды.


Атырау облысында ірі қарадан індет анықталды

Фото: eldala.kz

ERNUR.KZ. Кесел Исатай және Құрманғазы аудандарында 6 мың ірі қарадан анықталды. Барлығы 6 сиыр өлген, деп жазады inbusiness.kz.

Сараптама қорытындысы бойынша жануарларға инфекциялық ринотрахеит диагнозы қойылды. Ауырған малдың аузынан сілекей ағып, ауыз қуысының шырышты қабығында жаралар пайда болған.

"Осыған байланысты қазіргі таңда емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Исатай және Құрманғазы аудандарында бүгінгі күні мал басының 80 пайызы сауықты, тағы 500-ге жуық бас емделуде. Жалпы, облыс ішінде мал тасымалдауға рұқсат берілген, алайда көрші өңірлерден мал әкелуге және сыртқа шығаруға әзірге тыйым салынды", – деп хабарлады Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат.