Атырау облысында 12 жасар баланы қағып өлтірген автобус жүргізушісіне үкім шықты

0
92

2025 жылғы 7 шілдеде Құлсары қаласында автобус жүргізушісі жол жиегіндегі белгіні елемей, кәмелетке толмаған бала басқарған мотоциклмен соқтығысқан.


Атырау облысында 12 жасар баланы қағып өлтірген автобус жүргізушісіне үкім шықты

ERNUR.KZ. Атырау облысының Жылыой аудандық соты кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты қылмыстық істі қарады, деп жазады baq.kz.

2025 жылғы 7 шілдеде Құлсары қаласында автобус жүргізушісі жол жиегіндегі белгіні елемей, кәмелетке толмаған бала басқарған мотоциклмен соқтығысқан. Соның салдарынан жасөспірім ауыр жарақат алып, есін жимастан ауруханада көз жұмған.

Сотталушы ҚК-тің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп жазылған Жылыой аудандық сотының хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.