Жасөспірім жараланған күйі балалар алаңқайынан табылып, ауруханаға жеткізілді.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға 22 маусым күні кешкі сағат 20:30 шамасында “Millennium Park” тұрғын үй кешенінде болған. Пәтерден пышақталған қыздың мәйіті табылды, деп жазады stan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, қызға бұрынғы жігіті шабуыл жасаған.
Оқиға болар алдында көршілер пәтерден айқай-шу естіген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті өткен-кеткен адамдарға пышақпен шабуылдаған және марқұмның кішкентай інісін жаралаған. Жасөспірім жараланған күйі балалар алаңқайынан табылып, ауруханаға жеткізілді.
Астана қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Пәтерлерден пышақ жарақатын алған адам туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнынан зорлық белгілері бар қыздың мәйіті табылды. Сонымен қатар оның кәмелетке толмаған інісі пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомство.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.