Оқиға Тәуелсіздік даңғылында болған.
© Sputnik / Ольга Головко
ERNUR.KZ. Астанада 9 қабатты тұрғын үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы мен онда орналасқан кондиционер опырылып түсті, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Бұл оқиға Тәуелсіздік даңғылында болған. Опырылып түскен үйдің қаптамасы мен кондиционер бірінші қабаттағы дүкеннің кіреберісіне құлап, 150 шаршы метрге шашырап кетті.
"Құтқарушылар қасбеттің одан әрі құлау қаупін жойды. Ал зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", - делінген ресми хабарламада.
Төтенше жағдай кезінде бес адам зардап шеккен. Қазіргі кезде оқиға орнында бөлшектеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


