Астанада Түркиядан әкелінген 15 мың гүл өртелді

0
454

Түркия елінен әкелінген 30 қорап, 15 000 дана қалампыр гүлдер партиясының батыс гүлді трипсі карантиндік нысанымен залалданғаны анықталды.


Астанада Түркиядан әкелінген 15 мың гүл өртелді

ERNUR.KZ. Астана әуежайында батыс гүлді трипсіні жұқтырған гүлдер партиясы анықталды, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі 2024 жылдың 1 тамызында мәлімдеді.

"Астана Халықаралық әуежай" ФББ-де өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектормен карантиндік фитосанитариялық бақылау қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында Түркия елінен әкелінген 30 қорап, 15 000 дана қалампыр гүлдер партиясының батыс гүлді трипсі карантиндік нысанымен залалданғаны анықталды",- делінген ведомство хабарламасында.

Залалданған партияның бір бөлігі тәркіленіп, сот шешімі бойынша өртеу арқылы жойылды.

Батыс гүл трипсі аса қауіпті вирусқа төзімді келеді. Вирус ауру өсімдіктерден сау өсімдіктерге жеңіл жұғады. Оның белгілері жапырақтың үстінде сары немесе қоңыр дөңгелек пішінді дақтар пайда болады. Өсімдіктерді залалдау үшін трипске ауру өсімдіктен кейін сау өсімдікте 30 минут қоректенуі жетерлік. Бірақ ауру белгілері өсімдіктерде 1-2 апта өткенсоң білінеді.

3 маусымда Өзбекстан мен Түрікменстаннан залалданған қызанақ түрі жеткізілгені хабарланған болатын.