Астанада пластиктен жасалған алып мысық пайда болды

0
116

Эко-мысықты суретшілер, волонтерлер және фестиваль қонақтары бірігіп құрастырды.


Астанада пластиктен жасалған алып мысық пайда болды

фото: Пресс-служба акима Астаны

ERNUR.KZ. Елордадағы jрталық саябақта қайта өңделген пластиктен жасалған алып мысық мүсіні пайда болды. Арт-нысан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында қала күніне арналған "Мерекелік саябақ" отбасылық фестивалінде жасалды, деп жазады sputnik.kz.
Эко-мысықты суретшілер, волонтерлер және фестиваль қонақтары бірігіп құрастырды.
"Көрме мен экобастама өнер мен экологияның қатар жұмыс істей алатынын көрсетті. Қонақтар біздің шеберлік сабақтарымызға белсенді қатысты, қалдықтарды сұрыптауға қызығушылық танытты. Жалпы алғанда, қазақстандықтар экология мәселесінде бұрынғыдан да саналы бола бастағанын айтуға болады", — деді экотренер Мариям Қасымова.
Инсталляцияның мақсаты — қалалық саябақты безендіру ғана емес, сонымен қатар қалдықтарды қайта өңдеудің және табиғи ресурстарға ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салу.
Гигантского кота и гориллу из пластика собрали на семейном фестивале в Астане
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2025