Астанада LRT пойыздарын сынақтан өткізу жұмыстары аяқталды

0
150

​Астанадағы LRT жобасы қаланың көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған.


Астанада LRT пойыздарын сынақтан өткізу жұмыстары аяқталды

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. Астанада LRT желісінің жылжымалы құрамы мен негізгі жүйелерін сынақтан өткізу кезеңі сәтті аяқталды. Жобаның техникалық дайындығын тексеруге бағытталған тестілеу шаралары толық көлемде орындалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл кезең LRT пойыздарының қауіпсіздігі мен инженерлік желілердің өзара іс-қимылын нақтылау үшін аса маңызды болды. Қазіргі уақытта нысандарда жоспарлы тазалық жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты LRT пойыздарының қозғалысы 5 мамырға дейін уақытша тоқтатылды.

Айта кетейік, Астанадағы LRT жобасы қаланың көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ең ірі жобалардың бірі.