Астанада ер адам баланы қараусыз аумаққа сүйреп әкетпек болған

0
121

Күдікті ұсталды.


Астанада ер адам баланы қараусыз аумаққа сүйреп әкетпек болған

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Оқиға 5 маусым күні №13 орта мектептің маңында болған, деп жазады inbusiness.kz.

Белгісіз ер адамның баланы күштеп қараусыз қалған аумаққа қарай сүйреп әкетпек болғаны туралы видео әлеуметтік желілерде тарады.

Астананың Алматы ауданында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балаға қатысты құқыққа қарсы әрекет жасамақ болды деген күдікпен ер адамды ұстады.

Видеоны жариялаған адамның айтуынша, күдікті шамамен 9-11 жастағы баланы ұстап алып, күшпен ескі автодөңгелектер жатқан қараусыз қалған аулаға қарай сүйреп әкетпек болған.

Абырой болғанда, өтіп бара жатқан тұрғындар жағдайды дер кезінде байқап, баланы бейтаныс адамның қолынан арашалап, полиция шақырған.

Әлеуметтік желіде тараған кадрларда шошып қалған баланың өзі: "Қысқасы, бір ағай мені ұрлап кетті", – дейді.

Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері күдіктіні жедел түрде ұстады.

"Тексеру нәтижесі бойынша ер адамның әрекетіне заң аясында құқықтық баға беріледі", – деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын және ер адамның әрекет ету себептерін анықтап жатыр.