Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: Бейнежазбадан
ERNUR.KZ. Бүгін, 10 шілде таңғы сағат 8 шамасында Астанадағы министрліктер үйінің 11-кіреберісінде өрт шықты. Белгісіз ер адам Оқу-ағарту министрлігінің ғимаратына кіріп, турникетке жанғыш қоспа лақтырған, деп жазады inbusiness.kz.
– Министрліктер үйінің кіреберісінде өрт шығарған 24 жастағы азамат анықталып, полиция қызметкерлері ұстады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өртті қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел сөндірген. Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.