Астанада 41 жастағы әйел Есіл өзеніне секіріп кеткен

0
710

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары әйелді құтқарып қалды.


Астанада 41 жастағы әйел Есіл өзеніне секіріп кеткен

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Оқиға кеше, 30 шілдеде Сарыарқа ауданындағы Есіл өзенінің акваториясын патрульдеу кезінде болды, деп жазады inbusiness.kz.

Құтқарушылар ағынды бөгет маңында әйел адамның өзенге секіргенін байқап, дереу көмекке келген.

Жедел әрекет ету нәтижесінде 1985 жылы туған әйел адам судан шығарылып, жағаға аман-есен жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құтқарылған азаматша полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Атап айтқанда, мас күйде суға түспеу, өз мүмкіндігін дұрыс бағалау, құтқарушылардың талаптарын орындау, балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмау және тек арнайы жабдықталған әрі рұқсат етілген орындарда ғана шомылу қажет.