Астана мен Алматыдағы жанармай құю бекеттерінде бензин қымбаттады

0
122

Астанадағы Gasenergy жанармай бекетінде 10 күн бұрын АИ-92 227 теңге болған.


Астана мен Алматыдағы жанармай құю бекеттерінде бензин қымбаттады

Фото: Tengrinews.kz/ Болат Айтмолда

ERNUR.KZ. Орталық қалаларда бензин бағасы өсіп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Елордада Qazaq Oil желісінде баға өскені байқалды. 10 күн бұрын АИ-92 228 теңге тұрған. АИ-95 – 273 теңге, АИ-98 – 310 теңге болған. 2 қыркүйекте АИ-92 бұрынғы деңгейде – 228 теңге болып қалды, ал АИ-95 қымбаттап – 276 теңгеге жетті. АИ-98 де өсіп, 314 теңгеге шықты.

Астанадағы Gasenergy жанармай бекетінде 10 күн бұрын АИ-92 227 теңге болған. АИ-95 – 279 теңге, АИ-98 – 329 теңге тұрған. Қазір АИ-92 бағасы 229 теңгеге жетті, АИ-95 – 281 теңге. Ал АИ-98 бағасы өзгерген жоқ.

Астанадағы Helios жанармай бекеттерінде баға тек АИ-92 бойынша көтеріліп, 223 теңгеден 225 теңгеге жетті. АИ-95 бұрынғыдай 266 теңге болып қалды.

Оңтүстік астанада да өзгеріс байқалады. 10 күн бұрын АИ-92 орта есеппен 225 теңге болған. Бүгінде орташа баға 226–227 теңгеге дейін көтерілді. АИ-95 алматылықтарға 288 теңгеге түссе, енді 290 теңге болып тұр.

Алматылық Royal-Petrol жанармай бекетінде АИ-92 – 225 теңге, ал АИ-95 – 285 теңге.

Compass жанармай бекеттерінде АИ-92 – 226 теңге, АИ-95 – 290 теңге, ал АИ-98 345 теңгеге жетті.

Qazaq Oil желісінде АИ-92 – 227 теңге, АИ-95 – 285 теңге, ал АИ-98 үшін 319 теңге төлеу қажет болады.