Арқалық қаласының жылу желілерін жөндеуге 250 млн теңге бөлінді

0
386


Арқалық қаласының жылу желілерін жөндеуге 250 млн теңге бөлінді

ERNUR.KZ. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады inbusiness.kz.




Арқалық жылу электр орталығы 375 ғимаратқа қызмет көрсетеді және коммуникациялардың жоғары тозуына байланысты қызыл аймақтағы жылу көздерінің тізіміне кіреді.

Қаланың жылу желілерінің ұзындығы 34,7 шақырымды құрайды, оның көп бөлігі 1990 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда тозу 48%-ды құрайды, кейбір учаскелерде 82%-ға дейін жеткен, бұл жылыту маусымында жылу энергиясының 24-29%-ға дейін болмауына әкеледі.

2023 жылдан бастап қалада жылу көздерін жаңғырту бойынша жобаның екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 17 шақырым жылу желілері ауыстырылды. 2025 жылы тағы 9,9 шақырым жаңарту жоспарлануда. Жұмыстар кезең кезеңмен жүргізілуде. Жоба аяқталғаннан кейін жалпы тозу 12%-ға төмендейді деп күтілуде.