"Арандатушылыққа ермеймін": Серік Сәпиев мәлімдеме жасады

0
140

Олимпиада чемпионы ешбір жауапкершіліктен қашпайтынын айтты.


Photo : Предоставлено Пресс-службой комитета спорта министерства культуры и спорта Республики Казахстан

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен төбелескеннен кейін мәлімдеме жасады, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін хабарланғандай, 21 қаңтарда Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов арасында жанжал болып, соңы төбелеске ұласқан болатын.
Серік Сәпиев мемлекеттік қызметкер ретінде өз міндетін жақсы білетінін атап өтті.
"Мен мемлекеттік қызметші ретінде өз міндетімді атқару барысында мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаттарын қатаң сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім маған рингтен тыс жерде күш қолдануға болмайтынын үйретті", - деп жазды ол желідегі парақшасында.
Олимпиада чемпионы ешбір жауапкершіліктен қашпаймын дейді.
"Өз мүмкіндігімді жақсы бағалаймын және әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілік арқалайтынымды толық түсінемін. Сондықтан қандай да бір арандатушылыққа ермеймін. Мәселе толық қаралып, жабық деп есептеледі", - деп түйіндеді ол.
Айта кетері, бұған дейін екі спортшының не үшін жанжалдасқанын жазған едік.