«Әр өңірден Бекет атаға зиярат етуге бара жатқан»: Маңғыстаудағы жол апатынан қаза тапқандардың аты-жөні жарияланды

0
122

Қаза тапқан азаматтар Астана, Қарағанды, Теміртау және Жаңаөзен қалаларының тұрғындары.


«Әр өңірден Бекет атаға зиярат етуге бара жатқан»: Маңғыстаудағы жол апатынан қаза тапқандардың аты-жөні жарияланды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Кеше, 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым жерде орын алған жол апатынан қаза тапқандардың тізімі жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қаза тапқан он адамның жетеуінің аты-жөні анықталды. Үш адамның жеке басына қатысты мәлімет тексеріліп жатыр.

Жол апатынан қаза тапқандар тізімі:

  • Сатбалдыева Рахима Сардаровна, 02.03.1960 жылы Түркменстан Республикасында туған Қазақстан Республикасының азаматшасы, тұрмыста, Жаңаөзен қаласының тұрғыны;
  • Аманжолова Гүлсим Косаевна, 25.08.1969 жылы Түркменстан Республикасында туған Қазақстан Республикасының азаматшасы, тұрмыста, Жаңаөзен қаласының тұрғыны;
  • Джимбаева Агорн, 15.12.1958 жылы Түркменстан Республикасында туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, тұрмыста, Жаңаөзен қаласының тұрғыны;
  • Оразбаева Ғалия Кайнуллиновна, 04.07.1989 жылы Ақмола облысында туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, тұрмыста, Астана қаласының тұрғыны;
  • Измайлова Сауле Әбілқасенқызы, 14.11.1968 жылы Қарағанды облысында туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, Қарағанды қаласының тұрғыны;
  • Виденская Лариса Александровна, 10.12.1969 жылы Ресей Федерациясында туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, Қарағанды қаласының тұрғыны;
  • Вострецова Наталья Николаевна, 26.06.1974 жылы Қарағанды облысында туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, Теміртау қаласының тұрғыны;

Қаза тапқан тағы үш адамның жеке басы анықталып жатыр. Аман қалған екі жолаушы Қарағанды қаласының тұрғыны. Жүргізуші Жаңаөзен қаласының тұрғыны.