Анталия форумы: Қасым-Жомарт Тоқаев NEST конгресс орталығына барды

0
145

Көшбасшылар пікірталасына Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова және Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қатысады.


Анталия форумы: Қасым-Жомарт Тоқаев NEST конгресс орталығына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова және Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қатысады.

Модераторы – Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу.