Алматыдағы жер сілкінісінен кейін өзен арналары мен гидроқұрылыстар тексерілді

0
81

Тексеру жұмыстарын Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің мамандары жүргізді.


Алматыдағы жер сілкінісінен кейін өзен арналары мен гидроқұрылыстар тексерілді

ERNUR.KZ. Алматыда болған жер сілкінісінен кейін өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар, сондай-ақ көшкін және сел қаупі бар учаскелер тексерілді. Әзірге, ешқандай зақымдану анықталған жоқ, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен қатар мамандар тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым нысандарын аралап, олардың жағдайын тексерді.

– Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған нысандар штаттық режимде жұмыс істейді, – деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Ведомство мәліметінше, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Айта кетейік, бүгін Алматыда жер сілкінісі сезілді. ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС мәліметінше, жер дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 09:38-де тіркелген. Тұрғындар Алматыдан 8 шақырым болған жерасты дүмпуді сезген, ол 3-4 баллды құраған.