Қайғылы оқиға 22 тамыз күні таңғы сағат 4:27 шамасында болған.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Алматыда Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Арнайы автобус жолағында тоқтап тұрған коммуналдық көлікті соққан мопед жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қайғылы оқиға 22 тамыз күні таңғы сағат 4:27 шамасында болған. Абай даңғылымен батыс бағытта бара жатқан Dulevo маркалы коммуналдық техника щеткасы істен шыққан соң, жөндеу жүргізу үшін автобус жолағына тоқтаған.
Жүргізуші жөндеу жұмыстарын аяқтаған сәтте дәл осы жолақпен DongFang маркалы мопед келе жатқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, мопед жүргізушісі алдында тоқтап тұрған арнайы техниканы соңғы сәтте байқап қалған. Алайда су себілген сулы жолда шұғыл тежегіш басып, айналып өтуге үлгермей, мопедтен құлап, коммуналдық көліктің астына түсіп кеткен.
1993 жылы туған мопед жүргізушісі жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттарынан жедел жәрдем жеткенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері, анықтаушы және криминалист жұмыс істеп, қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.


