Алматыда жаңа статус болады

0
191

Қасым-Жомарт Тоқаев түркі жұртының татулығы мен өзара байланысын нығайту, тұтастығын бекемдей түсу мақсатында Қазақстан қабылдаған кешенді шараларға тоқталды.


Алматыда жаңа статус болады

Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев

ERNUR.KZ. Келесі айда Алматы жаңа мәртебеге ие болады. Мегаполис Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы болады, деп жазады tengrinews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев түркі жұртының татулығы мен өзара байланысын нығайту, тұтастығын бекемдей түсу мақсатында Қазақстан қабылдаған кешенді шараларға тоқталды.

"Атап айтсақ, Түркі мемлекеттері ұйымының жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілін тағайындады. Көп ұзамай Тұрақты өкілдік ашуды жоспарлап отырмыз. Астанада 11-12 маусым күндері Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының XIV пленарлық отырысы өтеді. Ақтау қаласы биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жарияланды. Осы мәртебелі міндетті жоғары деңгейде атқару үшін нақты іс-шаралар қолға алынды. Қазақстанның бастамасымен өткен аптада Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы құрылды. Оның алғашқы отырысы киелі Түркістан қаласында табысты өтті. Ортақ келісім бойынша биыл маусым айынан бастап Алматы қаласы "Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы" атанады. Осылайша, біз түркі бірлігін нығайтамыз", – деді Президент.