Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды

0
138

Бұған дейін әлеуметтік желілерде заңгердің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.


Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды

Фото: instagram.com/adiletkhan

ERNUR.KZ. Алматыда танымал қазақстандық заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде заңгердің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алматы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

"Алматы Полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша соталды тергеу амалдарын тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Әділетхан Молдахан - азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерге маманданған заңгер. Оның Instagram парақшасына миллионнан аса қолданушы жазылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін заңгер әлеуметтік желіде видео жариялап, онда Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасына (салдарынан үш адам қаза тапқан) құқық қорғау органы қызметкерінің қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Кейінірек Алматы Полиция департаментінің бастығы қызметтік тексерістің басталғанын хабарлады.

"Полиция департаменті қызметтік тексеру жүргізіп жатыр, оған нақты құқықтық баға беріледі. Егер қызметкерлердің кінәсі анықталса, ең қатаң шараларды қолданамыз", – деп мәлімдеген еді сол кезде Алматы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов.