Алматыда тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 26 адам құтқарылды

0
246

Өрт жарты сағат ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.


Алматыда тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 26 адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Бүгін, 2026 жылы 20 қыркүйекте таңертең Алматы қаласының Әуезов ауданында, Ақсай-1А ықшам ауданында орналасқан тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп жазады Zakon.kz.


ҚР ТЖМ баспасөз қызметі атап өткендей, өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады.

ТЖД құтқарушылары автосаты, құтқару қалпақтары және баспалдақ арқылы 26 адамды, оның ішінде екі баланы құтқарды. Сонымен қатар 40 адам эвакуацияланды.

Өрт жарты сағат ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.