Алматыда сөмкесінен гранатаға ұқсас зат табылған ер адам ұсталды

0
89


Алматыда сөмкесінен гранатаға ұқсас зат табылған ер адам ұсталды

Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Алматының Райымбек даңғылында полиция күдік тудырған ер адамды ұстады. Оның сөмкесінен пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылған, деп жазадыьStan.kz.

Алматыдағы Райымбек даңғылында күдік тудырған ер адамды полиция қызметкерлері тоқтатты. Тексеру барысында оның барсеткасынан пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен саперлер шақырылды. Тексеруден кейін табылған гранатаның оқу-жаттығу мақсатындағы муляж екені анықталып, оның қауіп төндірмейтіні белгілі болды.

Полицияның мәліметінше, ұсталған азамат бұл заттарды бұрын тауып алғанын, ал пышақты тұрмыстық қажеттілік үшін алып жүргенін айтқан.


Қазір оның сөздері тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ ер адамның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталған. Алматы полициясы азаматтарды өзімен бірге қауіпті заттарды алып жүрмеуге және қару-жарақ немесе оқ-дәріге ұқсас күмәнді заттарды байқаса, бірден 102 нөміріне хабарлауға шақырды.