Құрылтайшысы шетелдік компания болып табылатын заңды тұлғаның заңсыз иелігіндегі 72 гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.
фото: Sputnik / Константин Михальчевский
ERNUR.KZ. Алматыда 71,9 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады sputnik.kz.
Заң бұзушылықты прокуратура анықтаған.
"Құрылтайшысы шетелдік компания болып табылатын заңды тұлғаның заңсыз иелігіндегі 72 гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Тексеріс нәтижесінде қаланың элиталық бөлігінде орналасқан учаскелер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып пайдаланылған", - дейді ведомстводағылар.
Заң бойынша шетелдік субъектілер Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы жерлеріне иелік ете алмайды.
Биыл 16 шілдеде қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жерді мемлекетке қайтару туралы талаптарды қанағаттандырған. Ал 2 қазанда жердің мәселесі аппелияциялық сотта қаралған. Алайда бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз қалды.
Жердің жалпы құны - 5,9 млрд теңге.